Ерлан Қарин: Ең алғашқы мемлекеттік наградамды әкеме тапсырдым

2003

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірқатар мүшелеріне мемлекеттік наградаларын табыстау салтанатында Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Ерлан Қарин: Ең алғашқы мемлекеттік наградамды әкеме тапсырдым

"Әрбір ата-ана перзентінің ел мақтан ететін азаматтардың қатарында болғанын армандайды. Бүгін сіздердің мемлекеттік наградаға ие болып отырғандарыңыз ең бірінші мемлекеттің сіздердің ата-аналарыңызға көрсетіп отырған құрметі", – деді Президенттің көмекшісі.

Бұдан кейін ол өзінің ең алғашқы мемлекеттік наградасын әкесіне тапсырғанын мәлімдеді. 

"Мен ең алғашқы мемлекеттік наградамды әкеме тапсырдым. Сонда толқып тұрып: бұл мемлекеттің сізге беріп отырған наградасы, сізге білдірген ризашылығы, сізге жасаған сый-құрметі дегенді айттым", – деді Ерлан Қарин.

Президенттің көмекшісі мемлекеттік марапатқа ие болған азаматтардың балаларының кеудесін мақтаныш сезімі кернейтін алға тартты. 

"Ұл-қыздарыңыз сіздердің мемлекеттік наградаларыңызға ерекше қуанады. Ел үшін, жер үшін еңбек етіп жүргендеріңізді өздеріне өнеге етеді. Олар сздерге қарап бой түзейді. Сондықтан бүгінгі ордендеріңізді мақтан тұтып, тағып жүріңіздер", – деді Ерлан Қарин.

Президенттің көмекшісі мемлекеттік награда мемлекетшілдіктің, қалыптасқан, орныққан елдің белгісі екенін баяндады. 

"Бұл наградалар мемлекетіміздің өз азаматтарын құрметтейтінінің, еңбегін елейтінінің бір белгісі. Ынтымағымыз жарасып, береке-бірлігіміз арта берсін, мемлекеттік наградалар құтты болсын!" – деп түйді ойын Ерлан Қарин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу