Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға ешқандай қатысы болмаған – Берік Уәли

2458

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан ақпаратты "ақпараттық шабуыл" деп атады.

Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға ешқандай қатысы болмаған – Берік Уәли

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған", – деді Берік Уәли. 

Сонымен қатар ол Тимур Тоқаев туралы да сөз қозғады. 

"Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген. Өздеріңіз білесіздер Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын", – деді Берік Уәли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу