Елбасы: Президенттің шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ

2787

Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Елбасы: Президенттің шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ

"2022 жыл халқымыз үшін күрделі де қатерлі сынақтан басталды. Баршаңызға мәлім, ұйымдасқан экстремистік топтар елімізде жаппай тәртіпсіздік орнатып, террористік шабуыл жасады. Салдарынан бейбіт тұрғындарымыз зардап шекті. Қасіретті оқиға кезінде қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", – деді Елбасы.

Ол лаңкестер елдігіміз бен егемендігімізге, тыныштығымыз бен тұтастығымызға қауіп төндіріп, жұрттың берекесін қашырғанын атап өтті.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ. Мемлекет басшысын қолдау – баршамыздың азаматтық борышымыз. Ендігі кезекте осы оқиғадан сабақ алып, мұндай бассыздыққа жол бермеуге тиіспіз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу