Торпедо "Снежные Барсы" командасына қарағанда мықтырақ болып шықты. Айдын иелері үш гол соқты. Екі голды өскемендік Архипов – Петров – Шин триосы ұйымдастырды. Ал елордалықтар үшін бұл биылғы маусымдағы оныншы жеңіліс болды.
"Торпедо" - "Снежные Барсы" 3:1 (1:0, 1:0, 1:1), 1:0 - 18:41 - Архипов (Петров, Шин), 2:0 - 29:04 - Зубов (Дзедаев), 2:1 - 48:00 - Цыбин (Алибек), 3:1 - 55:42 - Шин (Архипов, Петров). Қақпашылар: Осокин - Дубинскас
"Номад" өз алаңында "Ақтөбені" екінші рет ұтты. Кездесудің 6-минутында "Номад" сапынан Мухаметов есеп ашты. Осы голдан кейін қарсыластар ұзақ уақыт бойы бір-бірінің осал тұсын таба алмай әуреге түсті. 40-минутта "Ақтөбе" сапынан Гасников есепті теңестірді. Бірақ елордалық ойыншылар басымдықты қолға алып, есепті 3:1-ге дейін жеткізді.
"Номад" - "Ақтөбе" 3:1 (1:0, 0:0, 2:1, 1:0 - 06:59 - Мухаметов (Никитин, Гайтамиров), 1:1 - 40:50 - Гасников (Александров, Митряков), 2:1 - 44:29 – Александров (Бойко, Гатамиров), 3:1 - 59:49 – Пелевин, Қақпашылар: Шутов - Шаров
"Бейбарыс" Рудныйдан төрт ұпай еншілеп, турнир кестесінде екінші орынға тұрақтады. Атыраулықтар әр кезең сайын гол соқты. "Горняк" сапынан Ширяев қана көзге түсті. Сондай-ақ 28 соққыны қайтарған "Бейбарыстың" қақпашысы Сәлім Базарбековтің ойынын ерекше атап өткен жөн.
"Горняк" - "Бейбарыс" 1:4 (0:1, 1:2, 0:1), 0:1 - 12:27 - Бурделёв (Егоров, Иванов),0:2 - 24:58 - Маркелов (Бердников, Шабловский),0:3 - 37:29 - Воробьев (Иванов, Егоров), 1:3 - 38:13 - Ширяев (Гурьев),1:4 - 41:01 - Иванов (Егоров, Воробьев), Қақпашылар: Акулинин - Базарбеков
Сонымен қатар Қазақстан чемпионаты аясында "Ертіс" пен "Арлан" арасында кездесу өтті. Владислав Дюкаревтің хет-тригі "Арланға" Павлодарда екі ұпай жинауға көмектесті. Қонақтардың шабуылшысы Виталий Жиляков дубль жасады. Павел Валентиненконың шәкірттері қатарынан бес матчта жеңіске жетіп, Лига кестесінде үшінші орынға көтерілді.
"Ертіс" - "Арлан" 2:6 (1:2, 0:1, 1:3), 0:1 - 00:37 - Дюкарев (Меньщиков, Полохов), 1:1 - 01:04 - Петросян (Буденчук), 1:2 - 18:19 - Жиляков (Жарков, Лихотников), 1:3 - 22:28 - Дюкарев (Карабань), 1:4 - 45:00 - Дюкарев (Михайлов, Карабань), 1:5 - 48:09 - Жиляков (Лихотников, Михайлов), 1:6 - 48:28 - Ларионов (Жиляков, Клочков), 2:6 - 53:42 - Евлоев (Дюжев), Қақпашылар: Зыкин - Грязнов
"Сарыарқаның" жеңісті сериясын "Хумо" тоқтата алмады. Қарағандылық команда ойыншылары өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, нәтижесінде Петерис Скудра командасы қатарынан 12-мәрте жеңіске жетті.
"Сарыарқа" - "Хумо" 3:1 (1:1, 1:0, 1:0) 0:1 - 02:40 - Журавлев (Сауков), 1:1 - 18:30 - Борисов (Гофман, Беляев), 2:1 - 34:17 - Фёдоров (Захарчук), 3:1 - 50:53 - Борисевич (Исмагилов, Сиксна), Қақпашылар: Каратаев - Смирягин
Ермұхамед Мәулен