Pro ligasy. "Номад" "Теміртаудан" басым түсті

1764

Елордалық "Барыстың" фарм-клубы "Номад" бейсенбі күні өз айдыныда "Теміртаумен" кездесті. Матч овертаймға ұласып, "Номад" Ұлттық біріншіліктің тұрақты маусымында үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Pro ligasy. "Номад" "Теміртаудан" басым түсті

"Номад" сәрсенбіде тұрақты маусымның жалғыз көшбасшысы - өскемендік "Торпедоны" ұпай саны бойынша қуып жетті. Ал бүгін елордалық хоккей клубы "Теміртауды" өз айдынында жеңді. Кездесудің алғашқы бөлігінде астаналық клуб 0: 2 есебімен ұтылғанымен, екінші кезеңде алға шығып, Қарағанды ​​облысының екінші командасына есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Кездесудің тек соңғы минутында "Теміртаудың" бос қақпасына соққы бағыттаған "Номад" хоккейшісі командасына жеңіс сыйлады. Ал бейсенбідегі матчта барлығы қарсыластардан дәл осындай күрестің жалғасын күтті.

"Ойын өте қызықты болды", - деді алғашқы матчтан кейін "Номад" шабуылшысы Алексей Зубов. - Біз қарсыласқа алдын-ала дайындалдық. Команда біз сияқты: жас, жылдам, шебер хоккейшілері де бар. Бұл ойыннан көрініп тұрды. Олар матч басында басымдылықтарын бірден сезінді ("Теміртау" бірінші кезеңде үшінші минутта 2: 0 есебімен алға шықты). Біз берілмедік. Соңында есеппен ойнадық. Ойын барысында екі команданың бір-бірін қуып жетуге күш жеткілікті болды", - деп қоса кетті Зубов.

Оның әріптесі, "Теміртаудың" шабуылшысы Евгений Королинский бірінші матчтағы екі жылдам гол басымдылықты сақтап қалуға көмектеспегенін айтты. Нәтижесінде бірінші кезеңнің аяғында және екінші кезеңнің басында қарсылас команда қонақтардан айласын асыра алды.

"Номад" - "Темиртау" 2:1 ОТ (1:0, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 09:53 - Пелевин (Мұратов, Зубов)

1:1 - 36:55 - Колесников (Галыгин, Михнин)

2:1 – 62:05 – Данияр Сн. (Ыбрайбеков, Гренц)

Кездесу аяқталған соң екі команданың бас бапкерлері бүгінгі ойынға қатысты пікірлерін білдірді.

"Екі матч бірдей болды. Кеше хоккейшілеріміз алаңнан қуылғандықтын, бұл бізге кедергі болды. Қарсылас команда соны пайдаланып кетті. Бүгінгі ойында бәрі керісінше болды. Бірақ біз гол соғатын жерімізде өз мүмкіндігімізді жіберіп алдық. Екі команда да жақсы әрі жас. Біз де тактикалық тұрғыдан дұрыс ойнадық. Ойындар көрермендер үшін де өте жақсы өтті деп ойлаймын. Біздің психологиямыз бірдей. Айдынға шығып, барлық ойында жеңіске жету", - деді "Теміртаудың" бас бапкері Роман Козлов.

"Ойындар тең өтті деп айта алмаймын. Жақсы қарсыласпен екі жақсы матч өткіздік. "Теміртау" командасы жас, жылдам, өршіл. Олар шабуылда да, қорғаныста да белсенді ойнайды. Маған қарсылас команда ұнады. Қосымша уақытта біздің жолымыз болды", - деді "Номадтың" бас жаттықтырушысы Александр Высоцкий.

Қазіргі таңда "Номадта" 54 ұпай бар. Ал Өскеменнің "Торпедосы" одан екі ұпайға қалып қойды. Бірақ өскемендік команда елордалықтардан төрт ойын кем өткізген. Соған қарамастан "көшпенділер" келесі матчты "Торпедодан" бір күн бұрын өткізеді. 13-желтоқсанда Нұр-Сұлтандық "Номад" "Снежные Барсымен", ал "Торпедо" 14 желтоқсанда Қарағандының "Сарыарқасымен" кездеседі. Ал қарағандылық клуб бейсенбіде өз алаңында Ақтөбені жеңіп, 36 ұпаймен тұрақты маусым кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу