Мемлекеттік комиссия шешімімен 2 тамыз күні ғарыштық мақсаттағы "Протон-М" зымыраны старттық кешенге шығарылды. Ұшырылым бүгінге жоспарланған.
Бұл туралы Роскосмостың басшысы Дмитрий Рогозин Twitter парақшасында жазған. Роскосмос корпорациясының құрамына кіретін М.В.Хруничев атындағы ғарыш орталығы "Протон-М" зымыранының құрамдас бөлшектері тиелген эшелонды Eutelsat бағдарламасы бойынша Байқоңырға жеткізді. Тасымалдаушы зымыранның үш басқышы, үдемелі блогы, ауыспалы жүйе және басты орай ағызғышы бар.5 West B және MEV ғарыштық аппараттарын кластерлік ұшыруға соңғы дайындық жасалуда.
Сыр өңірінде шілде мен тамыздағы аптап ыстықтың әлі беті қайта қойған жоқ. Егер де Байқоңырдан ғарыш кемесі ұшырылса, апталап соғатын Арыстанды-Қарабастың боранын күтуге тура келеді. Арыстанды-Қарабастың бораны – Сыр өңірінде Байқоңырдан ғарыш кемесі ұшқан кезде орын алатын құбылыс. Бұл құбылыс ғарышты меңгерген 1961 жылдан бері басталып, содан бері бұған Қызылорда халқы төзіп келеді.
Ауа райының күрт құбылуы жөнінде төтеншеліктер де барлық қызылордалықтардың ұялы телефондарына кешеден бері СМС хабарламасын жібереді. "Қазгидромет" орталығы секундына 15-20 метр боран соғатындығын Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай өңірі тұрғындарына да хабарлап отыр. Осы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан кемелер салдарынан Арыстанды-Қарабас боранынан Сыр өңірі, Қостанай, іргелес Ақтөбе, Маңғыстау диқандарының қаншалықты шығын шегіп, топырақ қабатының қаншалықты құрғайтындығын, жалпы экологияға келетін зардапты зерттеп жатқан мекеме Қазақстанда жоқ секілді.
Ескендір Ертай