ПСЖ 2025 жылғы құрлықаралық кубокты иеленді

Команданың қарсыласы – бразилиялық "Фламенго" клубы.  

ПСЖ 2025 жылғы құрлықаралық кубокты иеленді Фото: ria.ru

Осы жылғы құрлықаралық кубок үшін өткен ойында франциялық ПСЖ-ға пенальти сериясы сәтті болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Негізгі уақытта қос клуб 1:1 есебімен тең түскен еді. 

Матчтың 9-минутында Фабиан Руис командасын есепте алға шығарды. Десе де, бұл гол есептелмеді. Сонда да Луис Энрикенің ойыншылары бірінші голды салып, жанкүйерлерін қуантты. 38-минутта грузиялық жартылай қорғаушы Хвича Кварацхелия қуанышты сәтін тойлады. 

Екінші таймда бразилиялық команданың сапынан Жоржиньо таразы басын теңестіріп кетті.

Италия құрамасының ойыншысы 11 метрлік айып соққысынан жаңылмады. Осыдан соң таблодағы есепке өзгеріс енбеді. Қосымша 30 минутта да командалар бір-бірінен саңылау таба алмады. 

Ал пенальти сериясында париждіктердің жолы болды. "Фламенго" футболшыларының 4 соққысын тойтарған ресейлік қақпашы Матвей Сафонов Құрлықаралық кубок финалының үздік ойыншысы атағына қол жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу