"ПСЖ" "Арсеналды" жеңіп, жағдайын біршама жақсартып алды

Кеше UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы кездесу өтті. 

"ПСЖ" "Арсеналды" жеңіп, жағдайын біршама жақсартып алды Фото: fanpage.it

Онда ағылшындық клуб франциялық командаға есе жіберіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Екі команда, яғни "Арсенал" мен "Пари Сен-Жермен" осыған дейін төрт рет кездескен болатын. Оның екеуінде англиялық клубтың мерейі үстем саналса, екі кездесу тең аяқталған. 

Ойынның 4-минутында "ПСЖ" сапынан Усман Дембеле гол соғып, көзге түсті. Екінші таймның 47-минутында "Арсенал" ойыншысы Микель Мерино таразы басын теңестірген еді. Бірақ, бас төреші Славко Винчич VAR қарап, голдың офсайдтан соғылғанын анықтады. 

Осылайша, англиялық клуб қарсыласынан 0:1 есебімен жеңілді. Бірақ, әлі де мүмкіндік бар. Енді қарымта кездесу 7 мамырда өтеді. 

Бүгін, яғни 30 сәуір күні "Интер" (Италия) мен "Барселона" (Испания) шаршы алаңға шығады. 
Финалдық ойын 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы "Мюнхен арена" стадионында өтеді деп жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу