"PTC Holding" қызметкерлері "Astana Marathon 2022" жарысына қатысты

2947

Компания "AYALA" қайырымдылық қорын қолдау мақсатында жыл сайын корпоративтік жарысқа қатысады. 

"PTC Holding" қызметкерлері "Astana Marathon 2022" жарысына қатысты

Салауатты өмір салтын сүйетіндерге арналған жыл сайынғы "Astana Marathon 2022" спорт шарасы 9 қазанда өтті. Оған Қазақстан қалалары мен әлемнің 10 елінен келген 3000-ға жуық спортшы қатысты. Олардың ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Моңғолиядан келген азаматтар бар, деп жазады inbusiness.kz.

Марафонға қатысушылар жаңбырға қарамастан 10 және 42 км қашықтықты еңсерді. 42.2 км қашықтықта жүгіруге ерлердің 93%-ы мен әйелдердің 7%-ы, ал 10 км қашықтыққа ерлердің 33%-ы және әйелдердің 67%-ы қатысты.

Биыл "PTC Holding" компаниясының бірінші басшыларынан бастап мамандарына дейін – барлығы 60-тан астам қызметкер марафонға қатысып мәреге жетті. Олардың арасында жыл сайын жарысқа қатысатындар да, бірінші рет жүгіргендер де болды.

Компания атынан қатысушылардың арасында IT-директор Николай Быковский жоғары нәтиже көрсетті. Ер адам 2017 жылдан бері жүгірумен айналысады. Бүгінде ол триатлондағы мансабын бастау туралы ойланып жүр.

"Мен 36 жастамын. Алматыданмын. Өміріме өзгеріс енгізгім келді. Осылайша, жүгіруді қолға алдым. Спорт залына баруды тоқтатып, жүгірудің көп көмегі барын түсіндім.  Алғашында 10 шақырым қашықтықтағы жарыстарға қатыстым. Одан кейін 21 км қашықтыққа ауыстым. Биыл Астанаға көшіп келдім. Әріптестерім арасында жақсы нәтиже көрсеттім. Бүгін – спорт пен қайырымдылық мерекесі. Адамдар мұнда белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп, өздерінің денсаулықтарын жақсартып, өзгелерге көмектесу үшін жиналған", – деді Николай Быковский.

Марафонға "PTC Holding" маркетингтік коммуникациялар және PR директоры Юлия Валиахметова да қатысты.

"Мен үшін мұндай жарыстарға қатысу – бірінші кезекте ұжымдық рух, қарым-қатынас, көңіл-күй мен эмоциялар дер едім. Әр компания өзі үшін ненің маңызды және ненің маңызды емес екенін анықтайды. "PTC Holding" басшылығы өз еліндегі миссиясын түсінеді. Бұл тек қана отандық көлік пен логистика саласының дамуына үлес қосу деген сөз емес. Біз әлеуметтік жауапкершілігі бар компаниялар тобы ретінде бұқаралық, әуесқой спортты дамытуға көмектесіп, балалар денсаулығына арналған қайырымдылық акцияларына қатысамыз. Бүгінгі таңда компания үшін мұндай іс-шаралар ішкі қарым-қатынасты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі", – деп атап өтті Юлия Валиахметова.

Бұдан бөлек жарысқа блогерлер, бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, спортшылар, спорттық жүгіру клубтарының мүшелері де қатысты.

"Astana Marathon-2022" қайырымдылық акциясы екенін атап өту керек. Спорттық іс-шараның бенефициарларының бірі ретінде ұйымдастырушылар "AYALA" қайырымдылық қорының "Өмір сыйлайық" жобасын таңдаған.

Биылғы корпоративтік алымның сомасы Ақмола облысындағы "№2 Облыстық көпбейінді ауруханасының" перинаталдық орталығына реанимациялық үстел сатып алуға жұмсалмақ. Осыған дейін марафон ұйымдастырушылары қайырымдылық ұйымдары үшін 39 млн теңгеден асатын қаражат жинаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу