Тараптар жобаны іске асыру үшін қажетті терминалдық инфрақұрылым объектілерін бірлесіп дамытуға, қажетті инвестициялар мен ресурстарды тартуға ниеттестік танытты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Келісімге сәйкес, тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша халықаралық жүк тасымалдары үшін маңызды тораптың бірі ретінде көлік-логистика хабын құру бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады. Серіктестер жобаның техникалық, қаржылық және ұйымдастырушылық аспектілерін егжей-тегжейлі қарастыру үшін жұмыс тобы құрылатынына, сондай-ақ жол картасын бірлесіп әзірлеуге және кеңес беру жұмыстарын жүргізуге келісті.
2023 жылдан бері PTC Holding Қара теңіздегі Поти қаласында жылына 80 мыңнан астам ЖФЭ қуаттылығы бар мультимодальды контейнерлік терминалды салу жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаға тартылатын инвестицияның жалпы көлемі – 30 миллион доллар. Бұл терминал Орта дәліздің бөлігі болып, контейнерлік жүктерді тиімді өңдеуді қамтамасыз етеді, бұл ТХТМ аясында жүк базасының қосымша көлемін арттыруға мүмкіндік бермек.
Поти порты – Транскаспий халықаралық көлік маршрутының маңызды нысандарының бірі, ол халықаралық көлік тізбектері арқылы жүк тасымалдарын үздіксіз қамтамасыз ету арқылы Азия мен Еуропа елдерін байланыстырып отыр.
Ақпараттық анықтама:
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы (ҚТЖ) – елдің теміржол инфрақұрылымын, жүк тасымалдарын және жолаушы тасымалдарын басқаруға жауапты Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы. Компания ішкі және халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесінде маңызды рөл атқарады.
"PTC Holding" ЖШС – мұнай-газ және контейнерлік салаларда логистикалық қызметтердің толық кешенін көрсететін халықаралық көлік-логистикалық компаниялар тобы. Орталық Азия елдеріндегі теміржол жылжымалы құрамының және инфрақұрылымының меншік иесі әрі операторы.