Путин ішінара мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды

3705

Жарлық бүгін, 21 қыркүйектен күшіне енеді. 

Путин ішінара мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды

Бұл туралы Владимир Путин 21 қыркүйекте халық алдында сөйлеген сөзінде айтты.

Ресей Президенті Владимир Путин халыққа үндеу барысында ішінара мобилизация туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлады. Қазіргі уақытта резервте тұрған азаматтар және ең алдымен Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен азаматтар ғана әскери қызметке шақырылатын болады.

"Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың Ресей Федерациясында ішінара мобилизациялау туралы ұсынысын қолдау қажет деп санаймын", – деді Путин

Ол бұл процесс ішінара жүретінін атап өтті.

"Әскери қызметке қазіргі уақытта запаста тұрған және ең алдымен Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен, белгілі бір әскери-есептік мамандықтары және тиісті тәжірибесі бар азаматтар ғана шақырылады", – деп атап өтті Путин

Әскери қызметке шақырылғандар бөлімге жіберілмес бұрын міндетті түрде арнайы әскери операцияның тәжірибесін ескере отырып, қосымша әскери дайындықтан өтеді, деп қосты Путин.

Бұл туралы Жарлыққа қол қойылды. Мобилизациялау шаралары 21 қыркүйектен басталады.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу