Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті​

351

Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. 

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті​ Фото: ZERKALO.az

Дональд Трамп пен Владимир Путин 2 сағаттан астам уақыт телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қос тарап Украинамен арадағы және Таяу Шығыстағы жағдайды, Сириядағы оқиғалардың даму барысын, энергетикадағы бірлескен экономикалық және ғарышты зерттеу бағытындағы жобаларды талқылаған.

РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың сөзінше, Трамп Путинмен әңгіме барысында Украинадағы әскери әрекеттерді шұғыл тоқтату жөнінде сұрақ қойды.

"Владимир Путин Ресей тарапының келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін айтты", – деп мәлімдеді Кремль өкілі.

Бұл ретте Ресей басшысы Мәскеудің дағдарыстың алғашқы себептерін жоюға күш салатынын және өзінің мақсаттарынан бас тартпайтынын атап өтті.

Путин сонымен қатар Трампқа сәттілік тілеп, шілденің 4-і күні өтетін АҚШ-тың Тәуелсіздігі күнімен құттықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу