Путин Трамптың өртке байланысты айтылған ұсынысынан бас тартты

2815

Бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путинге телефон шалып, алапат өртті ауыздықтауға көмек беруге дайын екенін білдірді.

Путин Трамптың өртке байланысты айтылған ұсынысынан бас тартты

Бірақ Путин Ақ Үй басшысының бұл ұсынысын қабылдай қоймады.

Ол Дональд Трампқа қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, қажет болған жағдайда АҚШ-тың көмегіне жүгінетінін жеткізді. Путиннің айтуынша, қазір өртті сөндіру үшін мықты авиациялық топ жұмыс істеп жатыр. 

Ресейдің Қорғаныс министрлігіндегілер: "Сібір мен Қиыр Шығыстағы өрт 5 күн ішінде сөндіріледі",– деп отыр. Дегенмен мамандардың айтуынша, операция бұдан да көп уақытқа созылып кетуі мүмкін.

Красноярск өлкесіндегі қызыл жалынмен күреске он Ил-76 ұшағы, су шашатын құрылғысы бар тоғыз әскери тікұшақ жұмылдырылды.

Орман өрті салдарынан Сібірдің барлық аумағын бір аптадан бері түтін басқан. Тұрғындар ауада түтін мен ыс иісі барын айтады. Түтін Хакасия, Алтай өлкесі, Кемерово, Новосибирск, Омск және Томск облыстарына жайылып кеткен.

Ресейдегі орман өртінің ауданы биыл 2,7 миллион гектарға жетіп отыр, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 12 пайызға өскен.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу