Путин Украинадағы соғысты тоқтатқысы келмейді – БАҚ

894

Шетелдік БАҚ Ресейдегі дереккөздерге сүйенген.   

Путин Украинадағы соғысты тоқтатқысы келмейді – БАҚ Фото: zn.ua

Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағы шенеуніктер оны елде интернетке қатаң шектеулер енгізуден бас тартуға көндіруге тырысқан. Бұл туралы The Guardian басылымы жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Көршілес елде интернетке қатысты шектеулер 2025 жылдан бастап күшейген. Путинді райынан көндірмек болғандардың қатарында оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков және президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенко де бар. Бұл туралы ұлыбританиялық БАҚ-қа мәселемен жіті таныс дереккөздер хабарлаған.

Интернетті өшіру немесе шектеу шаралары Ресей кәсіпорындарына миллиардтаған шығын әкеліп жатқандықтан, бұл мәселе елдің элитасы арасында өзекті мәселенің біріне айналды. The Guardian ақпаратына сәйкес, Путин Украинаға қарсы соғыста күштік құрылымдардың пікіріне көбірек арқа сүйейді. Бұған дейін The Bell басылымы Ресейде 2025 жылы басталған интернет шектеулердің толқынына Федералды қауіпсіздік қызметі бастамашылық еткенін хабарлаған болатын. Оған Кремль тарапынан толық өкілеттік берілген. 

The Guardian материалында 2026 жылы елде салықтың артқаны, бағаның қымбаттағаны туралы да айтылған. БАҚ-тың жазуынша, Ресей президенті өз ұстанымын өзгертпеген әрі Украинадағы соғысты тоқтатқысы да келмейді. Путин жыл соңына дейін Ресей әскерінің Донбасс аумағын толық бақылауға алатынына сенімді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу