Путин Украинаға келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

524

Украина мен одақтастарының атысты тоқтату жөніндегі бастамасынан соң көп ұзамай Ресей Президенті Владимир Путин Украинаға алдын ала шарттарсыз 15 мамыр күні Ыстанбұлда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Путин Украинаға келіссөздерді қайта бастауды ұсынды Фото: ria.ru

Ол Киевке бітімге келу туралы тікелей келіссөздерді "ешқандай алдын ала шарттарсыз" қайта бастау керегін айтып отыр.

Президент бұл келіссөздер 15 мамырда Ыстанбұлда өтуі мүмкін екенін Кремльде түнде жасаған мәлімдемесінде жеткізді.

"Келіссөздер барысында жаңа бітім туралы келісімге келу мүмкіндігін жоққа шығармаймын", – деді Путин.

Киев әзірге Ресей президентінің ұсынысына қатысты пікір айтқан жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу