Путин Ыстанбұлға бармайтын болды

557

Ресей делегациясын Путиннің көмекшісі Владимир Мединский басқармақ. 

Путин Ыстанбұлға бармайтын болды Фото: ria.ru

Ресей мен АҚШ басшылары Түркияда өтетін Украина мәселесіне қатысты бейбіт келіссөздерге қатыспайтын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

15 мамырда Ыстанбұлда Украина мәселесі бойынша бейбіт келіссөздер өтеді. Ресей Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президенті Дональд Трамп қатыспайтыны белгілі болды. Себебі олардың аты-жөні қатысушылардың тізімінде көрсетілмеген.

Кремльдің ресми мәліметіне сәйкес, Ресей делегациясын президент көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Делегация құрамында Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин және Бас штабтың бастығы Игорь Костюков бар.

Бұдан басқа, Кремль таратқан баспасөз релизінде Путин бекіткен сарапшылардың аты-жөні де айтылған. 

Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский ресейлік әріптесін келіссөздерге қатысуға шақырған болатын. 

Radio NV хабарлауынша, Киев делегациясының құрамында Владимир Зеленский, президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, сондай-ақ Сыртқы істер министрі Андрей Сибига, Қорғаныс министрі Рустем Умеров кіреді.

Сонымен қатар, кездесуде Зеленскийдің дипломатиялық кеңесшісі Игорь Жовква болады. 

Келіссөздерге АҚШ тарапынан Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Трамптың арнайы өкілдері Стивен Уиткофф пен Кит Келлог қатысады деп күтілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу