Путинцева Әлемнің екінші ракеткасына жол берді

1372

Теннисшілер жартылай финалға жолдама алу үшін сынға түскен болатын.

Путинцева Әлемнің екінші ракеткасына жол берді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Римде өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Әлемдік рейтингте 30-орында тұрған Путинцева 1/4 финалда Әлемнің 2-ракеткасы Симона Хлепке қарсы кездесу өткізді. Алғашқы партияда қазақстандық теннисші тек екі гейм ғана жасап, матч 2:6 есебімен аяқталды. Ал екінші сетте есеп 0:2 болған соң Юлия жарысты одан әрі жалғастырудан бас тартты. Екі теннисші кортта барлығы 48 минут өткізді.

Юлия Путинцеваның бүгінгі матчты неліктен мерзімінен бұрын аяқтағаны белгілі болды. WTA-дің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша ол арқасын ауыртып алған.

Алғашқы сет 2:6 есебімен аяқталған соң Путинцева кортқа дәрігерлерді шақырды. Содан кейін ойынды жалғастырды. Тағы екі гейм ұтылған қазақстандық теннисші жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Симона Халеп Internazionali BNL d'Italia турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Енді ол келесі кездесуін белоруссиялық Виктория Азаренкоға немесе испаниялық Гарбин Мугурусаға қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу