Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымына жолдама алды

2163

Бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open турнирінің үшінші кезеңіне шыққан болатын. 

Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымына жолдама алды

Әлемнің 28-ракеткасы Юлия Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен шеберлік байқасты. Қарсыластар бұған дейін үш мәрте кездесіп, бәрінде де Юлия жеңіске жеткен болатын. Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды. Содан кейін сетке доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4. Есесіне екінші сетте бельгиялық спортшы брейкпен алға шықты – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Ақыры ол сол басымдылығын сақтап қалды – 6:1. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 3:1. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Тартысты бәсеке 1 сағат 55 минутқа созылды.

Путинцева үшінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолина немесе рейтингте 48-сатыдағы АҚШ-тың жас жұлдызы, 16 жастағы Кори Гауффтың біреуімен кортқа шығады.

Сонымен қатар еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да осы турнирге қатысқан болатын. Бірақ Екінші айналымда ол әлемдік рейтингте 46-орында тұрған француз Фиона Ферродан жеңіліп қалды - 4: 6, 4: 6. Матч 1 сағат 36 минутқа созылды. Бұл Рыбакина мен Ферро арасындағы үшінші кездесу болды. Былтыр Санкт-Петербургтегі турнирде Рыбакина айқын жеңіске жетті - 6: 3, 6: 4. Бірақ соңғы кездесуде Фиона басым түсті. Екі теннисші арасындағы кездесу 2020 жылдың қазанында Ролан Гарроста өтті және Ферро үш сетте жеңіске жетті - 6: 3, 4: 6, 6: 2.

Келесі раундта Ферро Ига Швентек (Польша) - Камила Джорджи (Италия) жұбының жеңімпазына қарсы кортқа шығады. 

Мельбурнде өнер көрсеткен тениисшілердің бірі Александр Бублик болатын. Қазақстандық екінші турда сербиялық Душан Лайовичке (23) төрт сетте 4: 6, 6: 7, 6: 4, 3: 6 ұтылып, жарысты аяқтады. Матч 3 сағат 5 минутқа созылды. Енді Лайович үшінші айналымда финляндиялық Эмиль Руусувуориді (1: 6, 6: 3, 6: 2, 7: 6) жеңген испандық Педро Мартинеспен кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу