Путинцева келесі айналымға шықты

1778

Қазақстандық Юлия Путинцева Дохада өтіп жатқан теннис турнирінің екінші айналымында бельгиялық Элиза Мертенсті 4/6, 6/3, 6/2 есебімен ұтты.

Путинцева келесі айналымға шықты

Екі сағатқа созылған кездесу барысында Әлемнің 32-ракеткасы 25 жасар Юлия 4 брейк және 2 эйс жасап, бір рет допты ойынға қосудан қателесті. Ал WTA рейтингінде 23-орында тұрған Мертенс 4 эйс жасап, 4 мәрте қосарланған қателікке жол берді. Бұған дейін екі теннисші ешқашан кездескен емес.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы айналымда Юлия венгрялық Тимея Бабошты 6:3, 6:4 есебімен ұтқан болатын. Енді Путинцева Qatar Total Open жарысының 3-айналымында ресейлік Вероника Кудерметоваға немесе швейцариялық Белинда Бенчичке қарсы өнер көрсететін болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу