Юлия Путинцева Қазақстанға алғашқы жеңісті сыйлады

461

Аустралияның Брисбен қаласында командалық әлем чемпионатының "D" тобының іріктеу матчтары басталды.

Юлия Путинцева Қазақстанға алғашқы жеңісті сыйлады Фото: КТФ

Бірінші болып Аустралия және Қазақстан құрамалары сынға түсуде. Патрик Рафтер атындағы орталық аренадағы алғашқы матчта Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 23-орында) Майя Джойнтпен (WTA рейтингінде 78-орында) кездесті. 

Қазақстандық теннисші бір сағаттан сәл ғана аса уақытта қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіп шықты. Бұл жеңіс Юлияның Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан құрамасы сапындағы 21-ші жеңісі болды.

Келесі болып кортқа Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орында) мен Кимберли Бирелл (WTA рейтингінде 61-орында) шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу