Путинцева мен Кукушкиннің жолы болмады

1537

28 маусымда Уимблдон-2022 турнирінің екінші жарыс күні өтті.

Путинцева мен Кукушкиннің жолы болмады

Әлемнің 33-ші ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің бірінші айналымында WTA рейтингінің 37-ші сатысында тұрған Ализ Корнені жеңе алмады. 1 сағат 48 минутқа созылған ойын 6:3, 7:6 (7:5) есебімен француз қызының пайдасына аяқталды.

Бұған дейін 27 жастағы Путинцева мен 32 жастағы Корнет үш рет кездескен. Сол кездесулерде Юлия бір сетте ғана жеңіске жеткен. Соңғы матч 2017 жылы Нью-Хейвенде (АҚШ) өткен. Уимблдон корттарында Путинцева ешқашан екінші айналымнан әрі асып көрген емес. Бірақ 2014 жылы Корнет 1/8 финалға шықты.

Михаил Кукушкин Уимблдонның бірінші кезеңінен әрі аса алмады. Әлемдік рейтингте 164-орында тұрған Михаил америкалық Дженсон Бруксбиден (АТР 29-шы нөмір) 3:6, 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Кукушкиннің ойынына іріктеу матчтары әсер еткен шығар. Бұған дейін спортшы үш іріктеу кездесуін өткізген болатын. Дженсон үшін бұл оның мансабындағы алғашқы Уимблдон болса, Кукушкиннің 2019 жылы ең жақсы нәтижесі төртінші аталған турнирдің үшінші раундына шығуы болды.

Уимблдонның 11-кортында бесінші, яғни ең соңғы болып бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы, турнирде 17-ші нөмірмен тіркелген Елена Рыбакина өнер көрсетеді. Ол америкалық Коко Вандевегемен сынға түседі. Бұған дейін әлемдік рейтингте 23-орында тұрған Рыбакина Кокомен бұрын соңды кездескен емес. 2018 жылы КоКо әлемнің үздік 10 теннисшісінің қатарына енді және Уимблдонда екі рет – 2015 және 2017 жылдары ширек финалға дейін жеткен. Рыбакинаға келсек, ол былтыр турнирдің 1/8 финалында өнер көрсеткен. Елена мен Коко Сара Соррибес Тормо мен Кристина МакХейл арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін кортқа шығады.

Еске салайық, Уимблдонда жекелей жарыста және жұптық сында алты қазақстандық өнер көрсеуде.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу