banner

Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты

1005

Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымынан сүрінбей өтті.

Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған, Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген түбі украиналық Марина Заневскаямен шеберлік байқасты. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, М. Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды – 4:1. Юлия да қалыспай, есеп 3:5 болғанда, қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген жоқ – 7:5. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші өз геймін пайдалана алмады. Әйтсе де, тай-брейкте мықтылық танытты – 7:6 (7:3). Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды.

Юлия Путинцева Ролан Гарростағы алғашқы матчынан кейін Қазақстан теннис федерациясына берген эксклюзивті сұхбатында Марина Заневскаяны жеңгені туралы пікір білдірді.

- Юлия, жеңіс құтты болсын! 2:5 есебімен қарсылас  алда болды. Соған қарамастан ойынның бағытын қалай өзгерте алдыңыз?

- Матчтың басы мен қалағандай болмады: баяу басталды, ойын ырғағына ілесе алмадым. Күресу керек екенін түсіндім. Қарсыласымның осал тұстарын іздеуге тырыстым. Сол бір гейм ойын бағытын басқа арнаға бұрды. Геймді алсам, ойынның бағытын өзгертетінімді білдім. Соңында нәтиже шыққанына қуаныштымын.

Екінші айналымда әлемнің 19-шы ракеткасы қытайлық Чжэн Цинвэнмен ойнайсың. Қарсыласыңыз туралы не айта аласыз?

- Мен онымен кездескен емеспін. Ол кім және қалай ойнайтыны туралы мүлде білмеймін. Бірақ, әрине,  бапкермен бірге онымен қалай ойнау керектігі туралы талқылайтын боламыз.

– Бүгінгі матчыңызда Қазақстанның туын көтерген бір топ жас жігіттер сізді белсенді түрде қолдап, ойын соңында алғыс ретінде оларға орамал мен ракеткаңызды табыс еттіңіз.

- Жігіттердің барлығы жергілікті, француздар. Олар Страсбургтен арнайы келді. Маған хат жазып, билет сұрады. Мені қолдауға дайын екендіктерін айтты. Олар маған Страсбургтегі турнирде көмектесті. Ол уақытта матч қиын өтті. Үш сағат ойнадым. Бұл жігіттерге менің ойыным ұнады және олар белсенді түрде қолдау көрсете бастады. қолдаудың арқасында матчта жеңіске жеттім. Бірақ, біздің қазақстандық жанкүйерлер бәрібір жақсырақ (жымиды), олар әрқашан ТОП.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу