Путинцева ширек финалда

1801

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапештте өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Путинцева ширек финалда

Осы аптада әлемдік рейтингте 32-орынға көтеріліп, Hungarian Grand Prix жарысының үшінші ракеткасы болып тіркелген Путинцева екінші айналымда әлемнің 25-ші ракеткасы, бразилиялық Лаура Пигоссиге қарсы кездесуде фаворит болды. Лаура Венгриядағы турнирде алдымен іріктеу сайыстарынан өтті және бұған дейін Путинцевамен кортта кездескен емес. Матчтың екі сағаттан астам уақытқа созылғаны күтпеген жағдай болды. Бірақ қазақстандық теннисші ауыр сынақтан сүрінбей өтті.

Осылайша, Путинцева ширек финалға өтті. Жұма, 15 шілде күні қазақстандық теннисші 2015 жылдан бері алты рет кездесіп, оның төртеуінде жеңіске жеткен, әлемдік рейтингте 97-орында тұрған Украина өкілі Леся Цуренкомен кездеседі. Ширек финалдық матч Будапештегі орталық кортта елорда уақытымен 16:15-те басталады.

Сонымен қатар Александр Недовесов жұптық сында Бастад (Швеция) ATP 250 жарысының жартылай финалына өтті.

А.Недовесов сербиялық Никола Чачичпен бірге бастапқы кездесуінде тағы бір қазақстандық Андрей Голубев пен аргентиналық Максимо Гонсалесті ұтты – 6:3, 6:4. Қазақстандық-сербиялық жұп екінші айналымда ресейлік Павел Котов – швейцариялық Марк-Андреа Хуслермен күш сынасып, жеңіске жетті – 4:6, 6:2, 10:3.

Недовесов-Чачич жұбы 15 шілде күні 16:00-де италиялықтарСимоне Болелли/Фабио Фоньини жұбына қарсы өнер көрсетеді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу