Путиннің доллардан бас тарту туралы саясаты жүзеге асуда

3400

Өйткені Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп барады.

Путиннің доллардан бас тарту туралы саясаты жүзеге асуда

Ресей Владимир Путиннің халықаралық саудадағы доллардың рөлін кішірейту туралы уәдесін орындауда. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Негізі, бұл қадам ресейлік экономиканы "долларсыздандыру" және оның АҚШ санкцияларына төтеп беру қабілетін күшейту мақсатында жасалып отыр. Елдің орталық банкі өткен жылы долларлық авуарлардың жартысынан құтылса да, көптеген қаржы транзакцияларында доллардың тұрақты түрде қолданылуынан сауда процесі баяу жүруде. Орталық банктің дерегі бойынша, ресейлік экспорттағы еуроның үлесі төртінші жартыжылдықта долларға қарағанда едәуір өскен. Ресей бұл валютаны Қытай және Еуроодақпен сауда кезінде доллармен салыстырғанда көбірек қолданатын болған. Сонымен қатар Мәскеудің Үндістанмен алыс-берісінде де рубльдің үлесі өскен.

Мәскеудегі Инг банк экономисі Дмитрий Долгиннің айтуынша, Ресей ғана емес, оның сауда серіктестері де осылай жасауға мәжбүр. Еуроодақ да АҚШ тарапынан жасалған қысымға байланысты долларға деген тәуелділікті азайтуға бел буған.

Ресми дерекке сүйенсек, Ресейдің Еуроодаққа жасалатын экспортында еуро долларды ығыстырып,  былтырғы жылмен салыстырғанда оның үлесі 32 пайыздан 42 пайызға жеткен.

Ресейлік сарапшылар бұл құбылыстың сақталатынын айтып отыр. Өйткені баламалы валютада транзакция жасау үшін инфрақұрылым жеткілікті түрде дамып келеді. Дегенмен Ресей толықтай доллардан бас тарта алмайды, әсіресе мұнай саудасында.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу