Qazaq Oil компаниясы Tulpar жоғары сапалы жанармайға көшкенін хабарлады

244

Qazaq Oil бұдан былай халықаралық TotalEnergies корпорациясымен бірлесіп әзірлеген "Tulpar" жоғары сапалы жанармай қолданатынын жариялады. 

 Qazaq Oil компаниясы Tulpar жоғары сапалы жанармайға көшкенін хабарлады Фото: Qazaq oil

Бренд желісіне көліктердің өнімділігі мен тиімділігін арттыратын "Тұлпар-92", "Тұлпар-95", "Тұлпар-98" бензиндері мен "Тұлпар-ДО" дизель отыны кіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа отынның тұсаукесері Алматыда, ат спорты клубының аумағында өтті. Бренд атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені оның мағынасы қазақ мәдениетінде күш, қуат, жылдамдықтың символы – қанатты тұлпарды білдіреді. 

"Тұлпарды біз кездейсоқ таңдаған жоқпыз, бұл көшпенділер мәдениетінің рухын және біздің дамудағы амбициямызды білдіреді", – деді Qazaq Oil бас директоры Төлеміс Шотанов.

Жаңа жанармай ерекшелігі

Тұлпар отыны оған біршама артықшылықтар сыйлайтын TotalEnergies компаниясының көп функционалды қоспаларының арқасында жоғары сапаға ие. Мысалы, қоспалар төмен температураға қарамастан дизельдік отынның қасиетін сақтауға мүмкіндік береді – Қазақстанның солтүстік аймақтары үшін өте маңызды артықшылық. Өз кезегінде, мұндай қоспалары бар бензин қозғалтқыштың жұмысын жақсартып, оның қызмет ету мерзімін ұзартады.

"Сынақтар көрсеткендей, TotalEnergies қоспалары бар дизельдік отын салқын ауа райында қатып қалмайды, оның өнімділігін сақтайды және парафиннің пайда болуына жол бермейді. Қоспаның мұндай қасиеті қысқы маусымда, әсіресе солтүстік аймақтардағы суыққа шыдас бермеген дизель отынына қатысты қиындықтарға жиі тап болатын көлік иелері үшін маңызды. Ал бензинге құйылған қоспа қозғалтқыштың жұмысын жақсартады, оның тозуға төзімділігін арттырады, күкірт пен ауа ластайтын түтін көлемін азайтады", – деп қосты Шотанов.

TotalEnergies-пен серіктестік

TotalEnergies индустриялық бағытының басшысы Тимур Әблиев Qazaq Oil-мен ынтымақтастық екі компания үшін маңызды әрі сәтті қадам болғанын атап өтті.

"Биыл біз Qazaq Oil-мен бірлескен жобаларды, соның ішінде жанармай қоспаларын әзірлеуді бастадық. Бұл жоба қазірдің өзінде маңызды нәтижелерге жеткізгеніне қуаныштымыз. Жаңа жанармайдың іске қосылуы – тұтынушыларға жоғары сапалы өнім ұсынатын серіктестігіміздегі маңызды кезеңі. Автокөліктердің тұрақты әрі сенімді жұмысына ықпал ететін, әсіресе қыста қатып қалмайтын қысқы дизельді Qazaq Oil компаниясымен бірлесе қазақстандық нарықта бірінші болып шығарып жатқанымызды мақтан тұтамыз", – деді Тимур Әблиев.

Ол аталмыш серіктестік TotalEnergies-тің Қазақстан нарығындағы алғашқы маңызды қадамы екенін айтып, отандық компанияның бас серіктес екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол эксклюзивті Tulpar отынының шикізаты TotalEnergies еуропалық зауыттардан жеткізілетінін мәлімдеді. 

Qazaq Oil жетістіктері мен жоспарлары

Бүгінгі күні Qazaq Oil желісі бүкіл Қазақстан бойынша 372 жанармай құю станциясын қамтиды, оның 37-сі франчайзинг ретінде жұмыс істейді. Компания жаңа бағыттарды белсенді дамытуда, цифрлық технологияларды енгізуде, процестерді оңтайландыру үшін ситуациялық орталықтарды құрып, жанар-жағармай құю станцияларында ассортиментті кеңейтуде - тамақтан Q-Cafe кофеханаларына дейін. Болашақта Qazaq Oil серіктестік жобалары арқылы тұтынушылар сенімін нығайтып,  жанармай құю станциялары желісін одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу