Qazaq Oil компаниясында Ынтымақтастық күні өтті

1732

Бұл акция әр тоқсан сайын өткізіледі.

Qazaq Oil компаниясында Ынтымақтастық күні өтті Фото: Qazaq Oil

Qazaq Oil компаниясында Ынтымақтастық күні өтті. Айтулы күні басшылардан бастап менеджерлерге дейін жанармай бекеттерінде қатардағы қызметкер болып еңбек етеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Автожанармай құю кешендерін басқару департаментінің директоры Гүлмира Бермағамбетованың ойынша, бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жанармай құю кешенінің қызметкерлеріне алғыс білдіру.

"Себебі бұл күні басшылардан бастап менеджерлерге дейін жанармай бекеттерінде оператор, есепші, сауда залының менеджері ретінде еңбек етеді.  Бұл іс-шара бізге клиенттермен тығыз қарым-қатынас орнатуға, олардың талап-тілегін ескеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осы күні есепші, сатушының және жалпы жанармай құю бекетінің жұмысына әсер ететін кейбір факторларды да анықтай аламыз. Мәселен, кейбір бекеттерде жүктеме көп екенін көріп, қосымша маман алу туралы шешім шығарылуы мүмкін. Кейде қосымша кассалық есептегішті қою секілді шешімдер де қабылданып жатады. Жалпы осы акция өткізген уақыт ішінде компанияда осы бағыттағы көптеген өзгеріс болды", - деп атап өтті Автожанармай құю кешендерін басқару департаментінің директоры Гүлмира Бермағамбетова.

Сондай-ақ Qazaq Oil компаниясында қызметкерлерге ерекше көңіл бөлінеді, мансаптық өсу жолға қойылғандығы да атап өтілді.

Tulpar брендті жанармайы пилоттық жоба ретінде Астана және Алматы облысының филиалдарында жүзеге асырылуда. Компания өкілдерінің сөзінше, бүгінде бұл отын түріне сұраныс артып келеді.

"Tulpar – жақында ғана іске қосылған брендтік отын. Бұл отын түрі қозғалтқыштың қуатын арттырып, күйе қалдырмайды. Меніңше, бұл клиенттер үшін тағы бір жаңашылдықтың бірі. Бұл отынның сатылымы қазірдің өзінде жоғары екенін, оған сұраныс барын көріп отырмыз", - деді Автожанармай құю кешендерін басқару департаментінің директоры Гүлмира Бермағамбетова.

Автожанармай құю кешендерін басқару департаментінің бас менеджері Арман Чиндалиевтің ынтымақтастық күніне бірінші рет қатысып отыр. Бүгін ол жанармай құюшы қызметін атқаратын болады. Арман Чиндалиевтің сөзінше, бұл жұмыс оған таңсық емес.

"Біздің департамент өңірлерді жиі аралап, үнемі клиенттерге қызмет көрсетеміз. Бұл жұмыс маған жақсы таныс. Біз қызметті барынша сапалы ұсыну бағытында жұмыс істейміз. Бүгін сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін жанармай құю станциясында оператор қызметін атқаратын боламын. Мәселен, қазір 10 минуттың ішінде 6 адамға қызмет көрсеттім. Көліктердің басым бөлігі бензин багын толтыруды қалайды. Клиенттерге қызмет көрсету барысында үш көліктің терезесін жуып, арасында TULPAR брендті отынын жарнамалап та үлгердім. Сағат 14.00-ге дейін жоқ дегенде 100 адам болады деп ойлаймын. Себебі бұл жанармай бекетіне адам көп келеді", - деді жанармай құю кешендерін басқару департаментінің бас менеджері.

Ол жанармай құю бекетінде мұнай өнімдері сатылымының артуы оператордың қызметіне тікелей байланысты екенін атап өтті.    

Қазіргі таңда компанияның жанармай құю бекеттерінің көп бөлігінде байланыссыз жанармай құю орындары бар. Тұтынушылар үшін Vlife қосымшасында акциялар жиі болып тұрады. Әр жанармай құю станциясының ауданына қарай халық тұтынатын тауарлардың ассортименті орналастырылған. Қазіргі таңда осындай барлығы 2 мыңға жуық тауар түрі бар. Флагмандық жанармай құю станциясында 1000-нан астам клиент болса, орташа жанармай бекеттерінде бұл көрсеткіш 800 адамды құрайды. Сонымен қатар 300-дей тұтынушы келетін бекеттер де бар.

Жалпы Qazaq Oil компаниясының республика бойынша 374 жанармай құю бекеті бар. Оның ішінде 80-нен астамы ребрендингтен толық өткен. Компания өкілдері 2025 жылдың соңына дейін қалған станцияларда қайта құру  жұмыстары жүргізілетінін айтып отыр.  

Автожанармай құю кешендерін басқару департаментінің директоры Гүлмира Бермағамбетованың айтуынша, Ынтымақтастық күні Qazaq Oil желісі бойынша сатылым өсімі жөнінен командалар жарысатын болады.

"Бүгінгі сатылымдардың қорытындысы бойынша жанармай құю бекеттерінің қызметкерлеріне сыйақы беріледі", - деп нақтылады ол.

Ребрендинг нәтижелері тұрғындардың да көңілінен шығып жатыр деуге болады. Сөзімізге жанармай құюға келген тұтынушылардың айтқандары дәлел.

"Qazaq Oil жанармай бекеті ыңғайлы жерде орналасқан. Қызмет көрсету сапасы көңілімнен шығады. Қызметкерлердің бәрі жайдары. Мен АИ-95 маркалы бензинін құямын. Мұнда тауарлардың кең ассортименті бар", - деді елорда тұрғыны Рүстем Алғожин.

Ал, қала тұрғыны Ерлан Ермұхамбетовтің осы жанармай бекетінде бензин құйып жүргеніне 4 жыл болған. Ол мұнда бензин сапасы жақсы екенін атап өтті.

"Vlife қосымшасын қолданып, бонус жинап отырамын. Дүкеннен көбінесе кофе аламын. Бағасы қолжетімді. Бекеттің орналасқан жері ұнайды. Өзім осы жақын маңда тұрамын. Жұмысқа кетіп бара жатып, бензин құйып кетемін", - деді ол.

Гүлнар Жұмалиеваның бұл жанармай бекетінің қызметін пайдаланғанына 10 жыл болған.

"Маған бұл жанармай құю бекеті ұнайды. Себебі бұл дүкендегі тауарлар ассортименті кең. Кофе де ұнайды. Бұл бекет басқа жанармай құю станцияларынан ерекшеленеді. Бензиннің сапасы да өте жақсы. Мен бұл жанармай бекетінің тұрақты клиентімін. 10 жылдай болды. Логотип басқа болған кезде де осында жанармай құйдым. Әртүрлі жеңілдіктер алуға мүмкіндік беретін бонустық картам бар. Өзімді осы жанармай бекетінің патриотымын десем де болады", - деді қала тұрғыны.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу