Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан астанасында төрт команда кездесуі тиіс болатын. Алайда турнирге Қазақстан, Ресей және Беларуссия құрамалары ғана қатысты. Сәрсенбі күні беларуссиялықтар айдын иелеріне 2: 5, ал бейсенбіде Ресей құрамасынан 2: 4 есебімен жеңіліп, басты жүлдеге үміткер тізімінен шығып қалды. Ал жұма күні Беларуссия құрамасы көрме матчында Қазақстан чемпионатында ойнайтын "Барыстың" екінші құрамының ойыншыларынан жасақталған командаға есе жіберді.
Ал, Ресеймен өткен кездесуде ұлттық құрамамыз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 14-минутында қазақстандықтар Роман Старченко мен Кертис Волктың көмегімен "Барыс" шабуылшысы Никита Михайлис есеп ашты. Ал матчтың 26-минутында ресейліктер есепті теңестірді. Гол авторы Илья Морозов.
53-минутта Михайлис екінші мәрте гол соғып, дубль авторы атанды. Осыдан кейін қонақтардың бапкерлер құрамы тайм-аут алды. Бірақ, бұл үзіліс ойынға ешқандай өгеріс әкелген жоқ. Нәтижесінде Ұлттық құрамамыз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал турнир қорытындысы бойынша Андрей Шутов (Қазақстан) үздік қақпашы, үздік шабуылшы - Кирилл Панюков (Қазақстан), үздік қорғаушы - Илья Морозов (Ресей) атанды.
Бүгін, 13-ақпан Қазақстан 2 - Ресей құрамасы көрмелік матч өткізеді.
Ермұхамед Мәулен