Р.Григорчук: "Сараево" мен "Батэні" зерттеуге кірісемін

2527

"Валеттаны" 5:1 ұтқан "Астана" келесі кезеңге бір табан жақындады. Ойын соңынан кейін бас бапкер журналистерге сұқбат берді.

Р.Григорчук: "Сараево" мен "Батэні" зерттеуге кірісемін

- Бүгінгі матчта ойымызда болған жоспардың барлығын іске асырдық. Бірақ, бір кішкентай ғана кемшілік бар. Гол жіберіп алдық. Қақпамызды голсыз сақтап, келесі ойынға сенімді барғымыз келген. Дегенмен, 4 доп айырмасы да жаман емес.

- 4 гол соғып жеңіске жетіп жатқанда футболшыларыңыз босаңсып кетті деп есептемейсіз бе?

- Нені меңзеп тұрғаныңызды түсіндім. Иә, ол жерде бір сәтті қапыда қалдырдық. Постников алға шығып еді, артын жабуға әріптестері ерінсе керек, гол жіберіп алдық. Дегенмен қайтадан гол салып, жағдайды ретке келтірдік.

- "Батэ" мен "Сараевоның" қайсысына жанкүйер боласыз?

- Ол екеуінің де жақсы ұжым екенін білемін. Екеуінде жеңуге болады. Ең бастысы бүгін түндегі ойынын мұқият қарауым керек. Себебі, бұл ойында қарсыластардың екеуінің де ойын мәнерін ашып үлгеруім қажет. "Сараевоны" да, "Батэні" де талдап үлгермесем қиын болады. Ешқайсысына жанкүйерлік етпейтінім содан.

- Сырттағы матчтан қорықпайсыз ба?

- "Валеттаның" шамасы белгілі болды. Сосын олар қайда ойнайтынын, стадиондары қай жерде екенін бәрін анықтап алдым. Жауапты матчты да дәл бүгінгідей ойнаймыз да, келесі кезеңге өтеміз. Бір мәселе бар – ұзақ сапар шегу. Сондықтан ол ойында қосалқы құрамдағы жігіттерді араластырып шығарамын. Себебі, ішкі біріншілік бар, басқа да ойындар бар, қосалқы құрамдағы жігіттерді бабына келтіру керек болып тұр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу