Кездесу "Барыс-Арена" спорт кешенінде өтеді. Кеше түнде елордаға аяқтары тиген Новак Джокович пен Рафа Надаль бүгін баспасөз мәслихатын өткізді. Тілшілер алдында сөз сөйлеген Новак Джокович "Сәлем"" деп барша қауыммен қазақ тілінде амандасты.
"Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Рафа Надальға рахмет айтамын. Ол тағы да мені шақырып, маған қарсы кездесу өткізіп жатыр.Теннис секілді спортқа Болат Өтемұратовтың қолдау көрсетіп жатқанына ризамыз", – деді Новак Джокович.
Ал Рафаэль Надаль болса жуырда ғана отау құрғаны туралы айтты.
"Мен жақында ғана отау құрып, той жасадым. Сосын міне, кортқа қайта шыққалы тұрмын. Естеріңізде болса, осыған дейін де Қазақстанға келгенмін. Новак екеуміздің бұл кездесуіміз қызыққа толы болады деп ойлаймын",– деді испан теннисшісі.
Сонымен қатар бүгін қос теннисші Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сосын Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.
Ермұхамед Мәулен