Рафаэль Уразбахтин: Біз тарихта қалғымыз келеді, бұл ақшадан да маңыздырақ

348

Алматыда "Қайрат" пен  "Пафос" матчы алдында баспасөз мәслихаты өтті.  

Рафаэль Уразбахтин: Біз тарихта қалғымыз келеді, бұл ақшадан да маңыздырақ Фото: Қайрат ФК

"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Пафосқа" қарсы ойын алдындағы дайындық жайлы айтты. 

Алматылық команданың бас бапкері қарсыластың қарымы, ойыншылардың жағдайы мен мотивация туралы пікір білдірді.

– Жігіттердің көңіл күйі жақсы. Бәрі ойнауға дайын. Соңғы сапар қиын болды. Бірақ команда қалпына келді. Әзірге Заруцкий мен Эдмилсон толық дайын емес, деді Уразбахтин.

Маманның айтуынша, құрамда үлкен ротация болмайды. 

– Кім дайын болса, сол алаңға шығады. Ал сыйақы біз үшін басты мақсат емес. Біз тарихта қалғымыз келеді. Бұл ақшадан маңыздырақ, деді ол.

Сонымен қатар, бас бапкер өз командасына қатысты кей пікірлерге де жауап берді:

Кейбіреулер "Қайрат" қазір 5:0 есебімен жеңеді дейді. Бірақ, мұндай бағалау дұрыс емес. Бұл Еуропаның ең мықты клубтары қатысатын турнир. Кішкене жерге түсіңдер, кейде футболды аспаннан вертолетпен қарайтын сияқты әсер қалдырады, деді ол мысқылмен.

Рафаэль Уразбахтин ел чемпионаты – ҚПЛ-дегі чемпиондық жарыс туралы да тілге тиек етті:

Біз "Астананың" жеңетінін білдік, иллюзияға берілген жоқпыз. Барлығының шешуші сәті 26 қазандағы ойында анықталатынын түсіндік. Ол матчқа дейін қалыпқа келуге уақыт жеткілікті, деді ол.

Сондай-ақ, бапкер қақпашылардың жағдайы жайлы да мәлім етті:

Заруцкий қалпына келіп жатыр. Жеке жаттығуларға кірісті. Бірақ әзірге жалпы топпен жаттықпайды. Ал Темірлан алаңға оралды. Енді бізде екі қақпашы бар. Ал кім негізгі құрамда ойнайтынын Илья Юров шешеді, деді Уразбахтин.

"Пафостың" жұлдызы Давид Луиске қатысты сұраққа ол былай жауап берді:

Давид Луис – тәжірибелі ойыншы. Дәл біздегі Саня Мартынович секілді. Мен жекелеген ойыншыны бөліп көрсетпес едім. Ең бастысы бұл командалық ойын, деп қорытындылады бапкер.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Пафос" кездесуі 21 қазан күні Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді. Екі турдан кейін "Қайраттың" қоржынында ұпай жоқ, ал кипрлік команда "Олимпиакоспен" тең ойнап, бір ұпай жинаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу