Рафаэль Уразбахтин "Қайраттан" кетті

224

Ол 2024 жылғы қыркүйектен бері алматылық клубтың бас бапкері болды.

Рафаэль Уразбахтин "Қайраттан" кетті Фото: fckairat.com

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қайрат" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетуге шешім қабылдады. Клуб басшылығы оның шешімін қабылдап, өтінішін қанағаттандырды.

"Рафаэль Радикович 2024 жылғы қыркүйекте негізгі команданың бас бапкері атанып, алғашқы маусымының қорытындысы бойынша клубты Қазақстан чемпионы атандырды. 2025 жылы оның жетекшілігімен "Қайрат" Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады және клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал 2026 жылғы маусымда команда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды", – делінген футбол клубы таратқан ақпаратта. 

Белгілі болғандай, бас бапкердің міндетін бұған дейін "Қайрат-Жастарды" басқарған Жора Арутюнян атқарады.

Оның жетекшілігімен команда "Алтайға" қарсы алдағы матчқа дайындалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу