Рамазан айы: мешіттерде намаз қалай оқылады?

2918

ҚМДБ қазақстандықтарға карантин талабын қатаң сақтауға кеңес берді.  

Рамазан айы: мешіттерде намаз қалай оқылады?

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының орынбасары, найып мүфти Ершат Оңғаров коронивирус пандемиясына байланысты Рамазан айында мешіттегі діни рәсімдер арнайы талап бойынша жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол СOVID-19 вирусының одан әрі таралуына жол бермес үшін мешіттер "жасыл", сары" "қызыл" деп 3 аймаққа бөлінетінін атап өтті.

Найып мүфти "жасыл аймақта" орналасқан мешіттерге қойылатын талаптарға тоқталды:

Намаз оқитын залдардың көлеміне қарай уақытымен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуі керек;

Мешіттің кіре берісінде тұрған антисептиктерді, санитайзерлерді пайдалану қажет;

Еліміздің бас санитар дәрігерінің №68 қаулысында қоғамдық тамақтану объектілерінде еске алу астарын өткізуге рұқсат берілсе де ауызашарды отбасында өткізген жөн;

Тарауих намазында санитарлық талаптарды сақтап, ауа райы қолайлы аймақтарда бұл намазды мүмкіндігінше мешіт ауласында оқу керек;

Мешіттерде намаз оқу:

Бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауих намазы бір адамға кемінде 4 шаршы метр қашықтық сақталған және толтырылуы 30%-дан аспаған кезде ғана жүзеге асырылады;

Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар, ер және әйел, жас балалар намазды үйде оқуы керек;

Мешітке тек маскамен кіру керек.

"Сары аймақтарда" орналасқан мешіттерге қойылатын талап "жасыл аймаққа" ұқсас болып келеді.

"Қызыл аймақта" орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар:

Жамағатмен намаз оқуға болмайды, бес уақыт намызды жеке оқу керек;

Намаз белгіленген орындарда ғана оқылады, арақашықтығы 2 метр болады;

Намаз оқитын залдарда имамдар, адамдар міндетті түрде маска тағуы керек;

Ауызашар ұйымдастырылмайды;

Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар, ер және әйел, жас балалар намазды үйде оқуы керек;

Тарауих намазы оқылмайды;

Мешітте намаз оқып болғасын, мүмкіндігінше тезірек шығу керек.

"Бұл талаптар жергілікті бас санитар дәрігердің шешімен сәйкес өзгеріп отыруы мүмкін. Карантин талаптарын қатаң сақтауға кеңес береміз", - деп түйіндеді сөзін Ершат Оңғаров.

Айта кетейік, биыл Ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу