Қазақ футболшысы өз клубының Дания чемпионатында көш бастауына көмектесті

572

Дания чемпионатының 6-турында "Силькеборг" сырт алаңда "Вайле" клубын жеңді. 

Қазақ футболшысы өз клубының Дания чемпионатында көш бастауына көмектесті Фото: instagram.com/silkeborgif_officiel

Қазақстандық Рамазан Оразов өнер көрсететін "Силькеборг" командасы көш соңында келе жатқан қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

2-таймда 57-минутта "Силькеборгтан" Тонни Адамсен алғашқы голдың авторы атанды. 67-минутта Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Р.Оразов алаңға шықты.

Оразов шабуылға араласқан кезде "Вайленің" қақпасына екінші доп енді.

73-минутта Рамазанның пасынан кейін қақпашы мен қорғаушының қателігін пайдаланған Адамсен екінші голды соқты.

89-минутта Хамза Барри есепті қысқартқанымен, 93-минутта Александер Симмельхак ойынның нүктесін қойды — 3:1.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу