Рамазан Оразов шетелге кетпей, "Елімайда" қалатын болды

208

Қазақстан ұлттық құрамасының 27 жастағы жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов ресми түрде "Елімай" клубының ойыншысы атанды.

Рамазан Оразов шетелге кетпей, "Елімайда" қалатын болды Фото: Елімай ФК

Ол жаңа маусымға арналған келісімшартқа қол қойды.

Өткен маусымда Рамазан Данияның "Силькеборг" клубында ойнап, маусымның екінші жартысында "Елімайға" жалға берілген еді. Семейлік клубта футболшы 820 минут алаңда болып, 2 гол және 2 нәтижелі пас тіркеді.

Клуб хабарламасында айтылғандай, тұрақты әрі нәтижелі ойын өрнегі ойыншыға жанкүйерлердің сенімін арттырды, нәтижесінде жазғы трансферлік кезеңде келісімшарт толықтай сатып алынды.

Рамазан Оразов 1998 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол 2018 жылдан бері Қазақстанның "Қайрат", "Ақтөбе", "Ақсу", "Тобыл", Латвияның "Даугавпилс", Ресейдің "Чайка", Словенияның "Копер" клубтарында ойнаған. 2024 жылдан бері Данияның "Силькеборг" клубының намысын қорғаған.

2021 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 37 кездесу өткізген Рамазан 1 гол соқты.

"Елімай" клубы биыл Қазақстан Премьер-лигасында 48 ұпаймен 4-орынға ие болып, келесі жылы UEFA Конференция лигасында бақ сынамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу