Рамзан Қадыров сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жетті

339

Ол 99,85% дауыс жинаған. 

Рамзан Қадыров сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жетті Фото: Риа Новости

Шешенстанның қазіргі басшысы Рамзан Қадыров сайлауда кезекті рет жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясы барлық бюллетеньді өңдеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рамзан Қадыров хаттамалардың 100 пайызын өңдеу қорытындысы бойынша 99,85% нәтижемен Шешенстан басшысы болып қайта сайланды. Ресейлік басылымның жазуынша, бұл ол қатысқан үшінші тікелей сайлау болды. Қадыров 2021 жылы – 99,7%, ал 2016 жылы 97,94% дауыс жинаған. 

Солтүстік Кавказ федералды округіндегі жеті өңірдің ішінде Шешенстан мен Ставрополь өлкесінде ғана өңір басшылары тікелей сайланады. Қалған барлық республикаларда басшыны президенттің ұсынуы бойынша парламент бекітеді.

Бұл жолғы сайлауға "Әділетті Ресей" партиясы атынан республиканың Қоғамдық палатасының төрағасы Исмаил Денильханов, Ресей Федерациясы Коммунистік партиясы атынан өңірлік парламент депутаты Халид Накаев та қатысты. Олардың әрқайсысы сайлауда 0,05%-дан дайысқа ие болған.

Айта кету керек, бұған дейін Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауына ресми түрде қатысатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу