Пара пауэрлифтингтен Раушан Қойшыбаева Париж-2024 Паралимпиада ойындарында 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 117 кг нәтижесімен 4-орынға тұрақтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Байрақты бәсекенің алтын медалін бразилиялық Мариана Д’Андреа 148 кг көтеріп, жеңіп алды.
Күміс медальді өзбекстандық Рузa Құзиева 147 кг нәтижесімен иеленсе, қола медаль 120 кг көтерген түркиялық Сибель Чамға бұйырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу