"Реал" қақпашысы Тибо Куртуа 1,5 айға қатардан шықты

148

"Реал Мадрид" келесі матчын 22 наурыз күні "Атлетико Мадрид" командасына қарсы өткізеді.

"Реал" қақпашысы Тибо Куртуа 1,5 айға қатардан шықты Фото: getfootballnewsspain.com

"Реалдың" қақпашысы Тибо Куртуа жарақатына байланысты шамамен 1,5 ай алаңнан тыс қалады.

Ол ауырсынуды Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Манчестер Сити" командасына қарсы (2:1) қарымта матч алдында, дене қыздыру кезінде-ақ сезген. Тибо Куртуа бұл туралы дәрігерлерге хабарлағанымен, тексерістен кейін алаңға шығуға шешім қабылдаған.

Үзіліс кезінде "Реал" қақпашыны алмастырды. Оның орнына алаңға Андрей Лунин шықты. Кейінгі тексеру нәтижесінде Куртуаның оң аяғынан бұлшықет жарақаты анықталды.

Куртуаның Ла Лиганың 29-туры аясындағы "Атлетикоға" қарсы дербиге қатысуы екіталай. Қазір дәрігерлер жарақаттың нақты деңгейін анықтап жатыр. Егер жарақат ауыр болса, қақпашы Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы "Баварияға" қарсы 7 және 15 сәуір күндері өтетін матчтарға да қатыса алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу