"Реал" клубтар арасында табыс мөлшері бойынша әлемдік рекорд орнатты

361

Жарияланған есеп бойынша корольдік клубтың кірісі 1,073 миллиард еуроны құрады. 

"Реал" клубтар арасында табыс мөлшері бойынша әлемдік рекорд орнатты Фото: Чемпионат

"Реал Мадрид" маусымдық табысы миллиард еуродан асқан тарихтағы алғашқы футбол клубы атанды. Жарияланған есеп бойынша корольдік клубтың кірісі 1,073 миллиард еуроны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға, яғни 843 миллион еуроға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Реал Мадридтің" пайыздарды, салықтарды, және шығындарды төлегенге дейінгі табысы (EBITDA) 156,3 миллион еуроны құрады. Таза пайда 15,6 млн еуро.  Ал былтыр бұл көрсеткіш 11,8 млн еуроны құрады.

Мадридтік клубтың таза құны 574,1 миллион еуроға бағаланады. Бұл 2022/23 маусыммен салыстырғанда 16 миллионға көп.

Өткен маусымның соңында испаниялық клуб Чемпиондар лигасы мен ел біріншілігін жеңіп алды. Енді УЕФА суперкубогы үшін матчта "Реал Мадрид" италиялық "Аталантамен" ойнайды. Кездесу 14 тамызда Варшавадағы Ұлттық стадионда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу