"Реал Мадрид" аутсайдерді сенімді түрде жеңді

247

Мадрид клубы Испания чемпионатының 36-туры аясында өз алаңында үш ұпай еншіледі.  

"Реал Мадрид" аутсайдерді сенімді түрде жеңді Фото: Prosports.kz

"Реал Мадрид" Испания чемпионатының 36-туры аясында өз алаңында "Овьедоны" қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде алаңға қайта оралған Килиан Мбаппе нәтижелі пасымен көзге түсті. Мадридтік клуб матч бойы басымдық танытып, сенімді ойын көрсетті.

Осы жеңістен кейін "Реал Мадрид" 80 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орнын сақтап қалды.

Еске салайық, алдыңғы турда мадридтік команда "Барселонадан" 0:2 есебімен жеңіліп, чемпиондыққа талас мүмкіндігінен айырылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу