"Реал Мадрид" негізгі құраммен Алматыға келеді

343

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында мадридтік "Реал" "Қайратқа" қарсы матчқа негізгі құрамын алаңға шығаруы мүмкін.  

"Реал Мадрид" негізгі құраммен Алматыға келеді Фото: globallookpress.com

Испаниялық спорт сарапшысы, Marca журналының тілшісі Давид Руистың айтуынша, мадридтіктер үшін Алматыдан үш ұпай алу өте маңызды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Бұл тек екінші тур ғана, сондықтан негізгі ойыншыларды Мадридте қалдыру – тәуекелді қадам болар еді. Егер жарақаттар кедергі болмаса, "Реал" ең мықты құрамымен ойнайды. Әйтпесе, 8 мың шақырымдық сапардың мәні жоғалады", – дейді сарапшы.

Айта кетейік, испандық клуб алдағы екі аптада өте тығыз кестемен ойнамақ. "Қайратқа" қарсы кездесудің алдында олар "Атлетикомен" мадридтік дерби өткізсе, 5 қазанда "Вильярреалмен" ойнауы тиіс.

Құрам құны бойынша да айырмашылық айтарлықтай: сарапшылардың есебінше, "Реалдың" ойыншылары "Қайрат" футболшыларынан шамамен  110 есе қымбат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу