"Реал" Мадрид "Сельтамен" кездеседі

2213

Зинедин Зидан баптайтын атақты клуб бүгін алғашқы ойынын өткізеді.

"Реал" Мадрид "Сельтамен" кездеседі

 

Сонымен кеше түнде Испан Ла-лигасы бастауын алды. "Барселона" "Атлетик" Бильбаоға қонаққа барып 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ойынның 89-минутында Ариц Адуриц гол соқты. "Барселона" чемпионатты сүреңсіз бастады. Ал ендігі кезек "Реалда".

Мадрид командасының да жағдайы шынын айтқанда аса қатты мәз емес. Зинедин Зиданның клуб басшысы Флорентино Переспен келіспеушілігі жайында ақпарат бар. Бас бапкер Поль Погбаның "Реалға" ауыспағанына қапалы. Сонымен қатар, жаңадан алған шабуылшы Лука Иовичтің де кеткісі келетіні айтылып қалды.

"Сельта" өткен жылы примерадағы орнын әзер сақтап қалды. Дегенмен команда лидері Яго Аспас өзге ұжымға ауыспады. Сонымен қатар, негізгі шабуылшы Максимилиано Гомес "Валенсияға" ауысты да, оның орнына Санти Мина келді. Шабуылшы алмастырған соң команда өзгеше ойнап кетеді деп топшылап отыр сельталықтар.

Сондықтан болар әлемдік беттинг орталықтар бұл ойында "Селта" 1 гол соғады немесе алаң иелері "Реалға" 2 доп айырмасымен (Фора +1,5) ұтылмайды деп болжам беріп отыр.

Айта кетейік, матч бүгін, 17-тамыз, Нұр-Сұлтан уақытымен 21-00де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу