"Реал Мадридтің" Алматыда өнер көрсететін ойыншылар құрамы белгілі болды

274

"Реал Мадрид" "Қайратқа" қарсы өтетін матчқа барлық жұлдызды ойыншыларын алып келеді. 

"Реал Мадридтің" Алматыда өнер көрсететін ойыншылар құрамы белгілі болды

Мадридтік команда Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан жергілікті уақытпен 13:30-да ұшты. Ұшу уақыты 8 сағат 20 минутқа созылып, ойыншылар мінген ұшақ Алматы әуежайына түнгі 00:50-де қонады.

30 қыркүйек күні "Реал" УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы ойында "Қайратқа" қарсы алаңға шығады. Басталуы – 21:45. Qasport және Qazaqstan телеарналары ойыннан тікелей хабар таратады. 

Айта кетейік, "Реал" "Қайратпен" ойынға барлық жұлдыздарын әкеле жатыр. Қақпашылар құрамында Куртуа, Лунин және Хави Наварро бар. Қорғаушылар қатарында Алаба, Асенсио, А. Каррерас, Фран Гарсия, Хёйсен және Давид Хименес ойнайды. Жартылай қорғаушылар Беллингем, Камавинга, Вальверде, Чуамени, Арда Гүлер және Д. Себальос шақырылды. Шабуыл шебінде Винисиус Жуниор, Эндрик, Мбаппе, Родриго, Гонсало, Браим және Мастантуоно бар. Команданы бас бапкер Хаби Алонсо бастап келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу