"Реал" Родриге көз тікті

219

"Алтын доп" иегерінің өткен маусымда ауыр жарақат алғанына қарамастан, реалдықтар футболшыны команда сапына қосқысы келеді. 

"Реал" Родриге көз тікті Фото: championat.com

Мадридтік "Реал" футбол клубы "Манчестер Сити" және Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Родриді команда құрамына қосу мүмкіндігін қарастыруда.

Испаниялық клуб ойыншыны қазіргі жазғы трансферлік кезеңде немесе 2026 жылғы жазда қатарға қосуды жоспарлап отыр.

Аталған трансферге қатысты шешім Родридің физикалық жағдайына байланысты қабылдануы мүмкін. 29 жастағы жартылай қорғаушы 2023-2024 жылғы маусымның көп бөлігін тізесінің ауыр жарақатына байланысты өткізіп алды. Ол маусым барысында небәрі сегіз ойынға қатысып, бір нәтижелі паспен шектелген.

Родри 2019 жылдан бері "Манчестер Сити" сапында өнер көрсетіп келеді және осы уақыт аралығында клубтың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Ол 2024 жылғы "Алтын доптың" иегері, сондай-ақ Испания құрамасының Еуро-2024 турниріндегі үздік ойыншысы атанды. 

Transfermarkt порталының дерегінше, футболшының қазіргі нарықтық құны 110 миллион еуроны құрайды. Егер трансфер осы жазда жүзеге асатын болса, мәміле сомасы 100 миллион еуродан асуы мүмкін. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше Родридің келісімшарты 2027 жылы аяқталатын болғандықтан, келесі маусымда оның құны едәуір төмендеуі ықтимал.

"Реалдың" жаңа бас бапкері Хаби Алонсо Родриді команданың тактикалық құрылымындағы негізгі ойыншы ретінде қарастырып отыр. Клуб басшылығы бұл трансфер арқылы команда құрамын нығайтуды көздейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу