Хаби Алонсо Мадридтің "Реал" клубынан кеткеннен кейін тағы бір әлемдік деңгейдегі ТОП-клубта қызмет ету мүмкіндігіне ие болды. 12 қаңтарда 44 жастағы бапкердің қызметтен босатылғаны ресми түрде жарияланды. Бұл шешім "Реалдың" Испания Суперкубогының финалында "Барселонадан" 2:3 есебімен жеңілгеннен кейін қабылданған.
Ақпарат көздеріне сүйенер болсақ, Лондонның "Тоттенхэм" клубы Алонсоға хабарласып, оған Англияда жұмысты жалғастыруға ұсыныс жасаған. Қазіргі таңда клуб Премьер-лигада 14-орында. 27 ұпаймен, 11 жеңіс пен 12 жеңіліс тіркеген. Басшылық команданың жағдайын жақсарту үшін сырттан серпін қажет екенін атап отыр. Ал, Хаби Алонсоның тәжірибесі бұл мақсатқа толық сәйкес келеді.
Кәсіби мамандар бапкердің Англия чемпионатын жақсы меңгергенін, ойыншылармен тіл табысып, қиын кезеңде де команданы басқаруға қабілетті екенін жоғары бағалайды. Бұл қасиеттер Хаби Алонсоның "Сантьяго Бернабеу" алаңында кездескен қиындықтарға қарамастан кәсіби тәжірибесін көрсете білетінін дәлелдейді.
Қазіргі таңда келіссөздер сәтті өтіп жатыр. Екі тарап та тұрақты келісімшартқа қол қоюға мүдделі. Алонсоның алдында команданың позициясын тез көтеру және маусымды сақтап қалу міндеті тұр.