Референдум Президентімізді халықтың қолдайтынын тағы бір көрсетіп берді – Мәулен Әшімбаев

339

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Референдум Президентімізді халықтың қолдайтынын тағы бір көрсетіп берді – Мәулен Әшімбаев Фото: senate.parlam.kz

"Бүгін Орталық референдум комиссиясы АЭС салу мәселесіне қатысты республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Соған сәйкес референдумға қатысқан азаматтардың 71,12 пайызы аталған мәселені қолдап дауыс бергені белгілі болды. Осылайша, қазақстандықтар өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты стратегиялық шешімді демократиялық жолмен қабылдады. Бұл оқиға Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолындағы бағдарын халықтың қолдайтынын тағы бір көрсетіп берді", – деді ол.

Сенат төрағасы референдум "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында жасалған кезекті нақты қадамдардың бірі екенін атап өтті.

"Оған азаматтардың белсенді қатысуы елімізде жаңа саяси мәдениеттің орныға түскенін білдіреді. Бұл энергия тапшылығын азайту және экономикалық даму жолында айрықша маңызға ие. Сондықтан осы референдум және халық қабылдаған шешім елімізді жаңа белеске шығарады деп сенеміз", – деп түйді сөзін Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу