Референдумда АЭС-тің салынуын халықтың 71,12 пайызы қолдаған

604

Елімізде дауыс беруге құқылы жалпы саны 12 млн 284 мың 487 адам болған.

Референдумда АЭС-тің салынуын халықтың 71,12 пайызы қолдаған Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 млн 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызын құрады.

Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқандардың 71,12 пайызын немесе 5 млн 561 мың 937 адамды құрады.

Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселеге қарсы дауыс берген адамдардың саны дауыс беруге қатысқандардың ішінен 2 млн 45 мың 271 болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу