Бірінші Exit poll нәтижесі: Референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады

154

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесін жариялады.

Бірінші Exit poll нәтижесі: Референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады Фото: gov.kz

Еуразиялық интеграция институтының мәліметіне қарағанда, Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Сауалнамада 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалада, 71-і ауылды жерде орналасты. Сауалнамаға жалпы 30 мың респондент қатысты. Оларға арнайы даярланған сұхбат алушылар face-to-face әдісі арқылы сауал қойды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Күні бойы 7 өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылары 9:00-де, 10:30-да, 12:30-да, 14:30-да, 16:30-да, 18:30 және 20:30-да жасалды, – делінген институт мәліметінде. 

Дауыс берушілерге "Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?" деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?" деген бір ғана сұрақ қойылды.

Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7 пайызы "Иә, қабылдаймын" деп жауап берген. Референдумға азаматтардың қатысуы 75,3 пайызды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу