Қасым-Жомарт Тоқаев: Реформа – Президенттің артықшылығын ұлғайту үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесі үшін өткізіледі

1092

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Реформа – Президенттің артықшылығын ұлғайту үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесі үшін өткізіледі

"Қазақстанда Конституцияны өзгерту жөніндегі жалпыұлттық референдум алғаш рет өтеді. Бұл оқиға еліміздегі демократиялық дәстүрлерді бекіту жолындағы маңызды қадамға айналады. Еліміздің азаматтары конституциялық өзгерістердің мән-маңызын жалпы түсінеді", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, референдумға елімізде де, шетелде де қызығушылық жоғары. Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге деген әлеуметтік сұраныстың жоғары екендігін, халықтың алдағы өзгерістерге сенетіндігін меңзейді. 

"Реформа жекелеген тұлғалардың, оның ішінде Президенттің артықшылығын ұлғайту үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесіне орай өткізіледі. Маған елімізде және шетелден "Мемлекет басшысы референдум арқылы өз өкілеттігі мерзімін ұзартпақ па? Яғни, президенттік мерзімін қайта бастамақ па?" деген сұрақтар қойылды. Осы сауалға жауап берейін. Мұндай ниет жоқ және болмайды да. Ұсынылған саяси жаңғыру бағдарламасы мазмұны жағынан өте ауқымды. Негізгі басымдық азаматтардың құқықтары мен бостандықтар қорғау жүйесін күшейтуге, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге, билік институттарының транспаренттілігі мен тиімділігін көтеруге жасалған", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу