Рекорд: Париж Олимпиадасына 8,8 млн билет сатылды

528

Бұған дейін ең көп билет 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған.

Рекорд: Париж Олимпиадасына 8,8 млн билет сатылды Фото: Финам/ AI

Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды. Рекордтық көрсеткіш туралы жаңалықты журналистерге  Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"8,8 миллионнан астам билет сатылды — бұл керемет сан, Франциядағы спорттық іс-шараның ең жоғары көрсеткіші", - деп түсіндірді ол.

Мұндай сатылымдар осы уақытқа дейін Олимпиаданың рекорды болып саналады. Бұған дейін ең көп билеттер 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған. Ол кезде спорт сүйер қауым 8,3 миллион билет алған. Ойындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қызметтердің 30 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылып, Олимпиада қалашығында 166 делегация тіркелген.

Олимпиадаға Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады. Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу