Мәскеуде енді мигранттар қатаң бақылауға алынады

325

Шаһарда жаңа бағдарлама енгізіліп жатыр. 

Мәскеуде енді мигранттар қатаң бақылауға алынады Фото: РБК

Мәскеуде 1 қыркүйектен бастап мигранттардың қайда жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бағдарлама пандемия кезінде қолданылған "Әлеуметтік мониторинг" жүйесіне ұқсайды.

"Біз 1 қыркүйектен бастап ковид кезіндегі әлеуметтік тіркеу жүйесіне ұқсас тағы бір жүйені енгіземіз. Сондай бағдарлама енді мигранттар бойынша енгізіледі, біз олардың қайда жүргенін біліп отырамыз", – деді Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин.

Оның айтуынша, қала билігі мигранттарды бақылауға арналған бірқатар сынақты Мәскеу аймағында жүргізуге рұқсат алған. Қазірдің өзінде барлық әуежайда мигранттарға арналған биометриялық бақылау енгізілген. Тағы бір жаңашылдық ретінде Ресей астанасында мигранттың электронды картасының іске қосылауын айтуға болады. Оған мигранттар туралы барлық ақпарат енгізіледі. 

"QR-код арқылы полицей мигрант туралы бәрін білетін болады. Мәселен, қашан және қанша уақытқа келгенін, қайда жұмыс істейтінін, миграциялық тәртіп бұзушылық бар ма, жоқ па дегендей. Қызыл жанса, онда тәртіп бұзды деген сөз, осылайша полицей оны ұстауы тиіс. Егер жасыл тұрса, онда бәрі дұрыс дегенді білдіреді", – деп түсіндірді мэр.

Сергей Собянин қазір елде жұмыс берушілерге 5 миллионға жуық жұмысшы жетіспейтінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу